Оралда токқа түскен 26 жастағы жұмысшы қаза тапты

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Оралда токқа түскен 26 жастағы жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Оралда 26 жастағы жұмысшыға тоқ соғып, қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиға 30 қыркүйек күні сағат 14:00-де Желаев кентіндегі өндірістік аймақта болғанын мәлімдеді.

"ГренАгроТренд" ЖШС-ға кіреберістегі тұйық жолда жүк вагондарын пломбалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1995 жылғы жұмысшы абайсызда электр сымдарына тиіп кеткен. Соның салдарынан ток соққан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.