Алматыда жаттығу спорт алаңқайындағы құрылғы баланың үстіне құлаған

Тұрғын үй кешенін салушы оқиғаға пікір білдірді.

Алматыда жаттығу спорт алаңқайындағы құрылғы баланың үстіне құлаған
Фото: tengrinews.kz

Алматыдағы "Меркур Грант" тұрғын үй кешенін салушы көшеде балаға құлап кеткен жаттығу құрылғысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Мұның алдында Алматы тұрғыны аулада темірден жасалған жаттығу құрылғысы 7 жасар қыздың үстіне құлағанын айтқан болатын.

"Бұл құрылғыларға бізде бір жыл кепілдік бар. Біз мердігерді шақырдық, кепілдік міндеттемелерге сәйкес барлық ақау жойылады. Жәбірленуші хабарласты. Оның шағымды жоқ, жалғыз талап - сапалы құрылғы орнату. Бұл орындалады", - деді KazCARier ЖШС директоры Ярослав Синюков.
 

Ол төтенше жағдайға құрылғының дұрыс пайдаланбауы себеп болғанын алға тартты. Айтуынша, бұл жаттығу құрылғылары тұрғын үй кешенінің ауласына биыл ғана орнатылған. Осы іспен Медеу аудандық полиция басқармасының айналысып жатқаны айтылады.