Хромтау шахтасындағы жарылыс: Кім кінәлі?

Жарылыстан маркшейдер қызметіндегі жұмысшы әйел қаза болды. Бір қызметкер жарақат алып, кейін көз жұмды. 

Хромтау шахтасындағы жарылыс: Кім кінәлі?
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы шахта жарылысында болған кісі өліміне жұмыс беруші кінәлі болып шықты деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиғаны тергеп-тексерген еңбек инспекциясы осындай қорытынды жасады. Қайғылы жағдайдың екі себебі анықталып отыр. Шахтада жарылыс жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған және еңбек қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған.

Құжаттар Полиция департаментіне жолданды.  

Жер астында жұмыс жүргізіп жатқанда жарылыстар алдында дабыл соғады. Сол дабылдың дауысы әлсіз болған. Бәріне бірдей жете бермеген. Зардап шеккен адамдардан сұрағанымызда олар дабыл дауысын дұрыс естіген жоқпыз дейді. Оның ішінде адамдар бар екеніне, жұмыс істеп жатқанын көз жеткізбей, анықтамай, жарылыстар жүргізілген, - дейді Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Талғат Искарин.  

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға 16 тамызда сағат 11:45-те Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада өткізу жұмыстары кезінде болған.

Жарылыс толқыны екі жұмысшыны шарпыды. Маркшейдер қызметіндегі әйел қаза болды, бір жұмысшы жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады кәсіпорындағылар.

Жарылыстан маркшейдер қызметіндегі жұмысшы әйел қаза болды. Бір қызметкер жарақат алып, кейін көз жұмды.