Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған

Балабақша күзеті полиция жасағын шақырған.

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған
фото: ашық дереккөз

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кірмек болған деп хабарлайды Paryz.kz

Кейін анықталғандай, оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан "Ашамай-2" балабақшасында болған.

Балабақша күзеті полиция жасағын шақырған.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факті Наурызбай аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін хабарлады.

Қарудың газ тапанша екені анықталды, ресми рұқсат құжаты бар. Іс жүргізу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.