Қарағандыда үлкен кәсіпорын отқа оранды (ВИДЕО)

Қарағанды облысының ТЖД жағдайға түсініктеме берді.

Қарағандыда үлкен кәсіпорын отқа оранды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қарағандыдағы қайталама шикізатты өңдеу кәсіпорнынан өрт шықты. Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде Қарағанды-Сұрыптау стансасында түсірілген видео мен суреттерді жариялап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Қарағанды облысының ТЖД жағдайға түсініктеме берді.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері жұмылдырылды. Өрт аумағы 1000 шаршы метрді құрайды, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент ғимараттар мен тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

4 жауынгерлік учаске ашылды. Оқиға орнында 12 техника, оның ішінде 30 тонналық автоцистерна, ТЖД жеке құрамының 45 адамы, сондай-ақ, 100 тонналық сыйымдылығы бар ҚТЖ өрт пойызы жұмылдырылды, –  деп хабарлады ведомстводан.