Происшествия 18.09.2021, 12:04

Нұр-Сұлтанда ер адам көңілдесі мен пәтер иесін пышақтап өлтірген

Ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.

Нұр-Сұлтанда ер адам көңілдесі мен пәтер иесін пышақтап өлтірген
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі әйелі мен өзі жалдап тұрып жүрген пәтердің иесін өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, пәтерден пышақ жарақатын алған 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті 16 қыркүйекте сағат 10.00-де табылған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Марқұмның 34 жастағы бұрынғы көңілдесі адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ерлі -зайыптылар арасында жанжал туындап, оны пышақтап тастағаны анықталды. Жанжалға қатысқан қызды қорғаған 68 жастағы пәтер иесі де көптеген жарақат алған”, –делінген ПД хабарламасында. 

Күдікті артынша қылмыс орнынан ізін суытқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп қосты ПД өкілдері.