Нұр-Сұлтанда жасөспірім Арбаттағы киіз үйді тонап кетті

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тағылымдамадан өтіп жүрген бойжеткеннің павильон кассасынан ақша ұрлағаны анықталды. 

Нұр-Сұлтанда жасөспірім Арбаттағы киіз үйді тонап кетті
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда полиция ұрлық жасады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді ұстады деп хабарлайды Paryz.kz

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Мәмбетов көшесіндегі киіз үйге кіріп, жеңсіз жейде мен ұзын кеңжейде ұрлаған. Жасөспірім таңғы сағат 05.40 шамасында шаңырақты бұзып, киіз үйге кірген.

Мүлік иесі 90 мың теңге сомасында шығын келгенін айтты.

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тағылымдамадан өтіп жүрген бойжеткеннің павильон кассасынан ақша ұрлағаны анықталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде 19 жастағы бойжеткенді ұстады. Ол гүл павильонында тағылымдаманың екінші күнінде камераның жоқ екенін пайдаланып, қылмысқа барған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін мойындады. Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.