Алматы облысында ауылдастар жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)

Төбелес іс-шарадан кейін басталғаны айтылған. 

Алматы облысында ауылдастар жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.  

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған саяжайлары аймағында түсірілген жаппай төбелес видеосы тарап жатыр. Төбелес іс-шарадан кейін басталғаны айтылған. Ал жанжал шығарғандарды ажыратауға ауыл тұрғындары араласқан. 

Алматы облысының полициясы бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әзірге текетірестің Междуречинск ауылында болғаны анықталды.

Междуреченский кентіндегі жаппай төбелестің мән-жайы мен қатысушылары анықталып жатыр. Полицияға ешкім шағымданған жоқ, ауруханаға да ешкім түспеді, - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство тексеріс шараларының нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатынын нақтылады.