Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

Ол полицияда із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған.

Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда ер адамның сүйегі табылды. Оның кім екені әлі нақты анықталған жоқ деп хабарлайды Paryz.kz

Адамның сүйегі табылды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесінде марқұмның кім екені белгілі болмақ. Сүйектің жанында із-түзсіз жоғалғандар қатарындағы ер адамның құжаттары болды, - деп хабарлаған Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі "Патриот" Telegram парақшасына.

Сонымен қатар, сараптамадан кейін марқұмның өлімі нақты неден болғаны да анықталмақ. Егер мамандар кісі өлтірудің ізін байқаса, іздестіру ісі "Кісі өлтіру" бабына ауыстырылады.

Telegram-каналдың мәліметінше, марқұмның жанынан табылған құжаттар жергілікті кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген 27 жастағы Қасымхан Жұмашевқа тиесілі.

Ол полицияда із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған. Қасымхан Жұмашевтан 26 тамыздан бері хабар жоқ. Ол туыстарына досының үйінде болатынын айтқан. Алайда, жолдасының үйіне бармаған. Телефоны сол күннен бастап өшірулі тұр.