Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің "өңешін сығатын" заң қабылданды

Сондай-ақ, туыстардың топырлап бір ұйымға орналасып алып, бірлесе жеке мүддеге жұмыс істеп, жекелеген мәселесін реттеуге де болмайды.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің "өңешін сығатын" заң қабылданды
фото: aikyn.kz

Болды, енді мемлекеттік қызметкерге ешқандай сыйлық алуға болмайды. Қыркүйекте Сенат соңғы рет қарап, мақұлдаған заңға бүгін президент қол қойып жіберді, деп хабарлады paryz.kz.

Бұдан былай шенеуніктер мен олардың туыстарына жағымпазданып, сыйлық, дүние-мүлік ұсыну және құлақкесті құлша қызмет көрсету ерсі ғана емес, заң бойынша қатаң тыйым салынған әрекетке жатады. Сондай-ақ, туыстардың топырлап бір ұйымға орналасып алып, бірлесе жеке мүддеге жұмыс істеп, жекелеген мәселесін реттеуге де болмайды.

Оған қоса, жаңа заңда сыбайлас жемқорлық туралы хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің тұрғын үй төлемін төлеп беру және басқа да жайттарды болдырмау көзделген.

Заң талабы квазимемлекеттік секторда істейтіндерге де қатысты. «Ауру қалса да әдет қалмайды» дейміз ғой, бірақ, қазақтың сыбайласқан жемқорларына абайлаған абзал. Егер бұл заң да қағаз жүзінде қалмаса.