Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Президент 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауын жолдайды

"...Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды", - деді Берік Уәли.

Президент 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауын жолдайды
фото: ашық дереккөз

Күздің бірінші күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдайды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды, - деді Берік Уәли.

Берік Уәли атап өткендей, мұндай Жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.