Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қарашөкеев Тоқаев қызметінен босатқан министрді неге қызметке алғанын айтты

Осы жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, министр Омаровты отставкаға жіберген еді.

Қарашөкеев Тоқаев қызметінен босатқан министрді неге қызметке алғанын айтты
фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бұрынғы министр Сапархан Омаровтың "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" басқарма төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хаюарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, министр Омаровты отставкаға жіберген еді.

Біраз уақыттан кейін бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясына басшылыққа келді.

Сапархан Кесікбайұлы Омаров менің бұйрығыммен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның бай тәжірибесі бар, екі жыл министр, аграрлық комитеттің төрағасы болды, оған дейін депутат, ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді. Сондықтан осы қиын кезеңде оның жинақтаған тәжірибесі қажет және біз оны қазіргі қызметінде пайдаға жаратамыз деп ойлаймын, - деп жауап берді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Сапархан Омаров президенттің сынын ескерген, сондықтан әрі қарай тиімді әрі жақсырақ жұмыс істейді.