Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Жанұя» отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді

Бір жылдан бері елордада әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасылар үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді
24.kz

«Көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді кеңес беру қызметтері ұсынылады. Орталықта жүргізіліп жатқан барлық жұмыс отбасы институтын нығайтуға ықпал етуі керек. 2020 жылдың басынан бастап 25 063 адам 46 163 мәселе бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы көмегіне жүгінген», – деп мәлімдейді елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Орталықта елорда тұрғындарына АӘК-ке өтінім беру, баспана кезегіне тұру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беріледі. Тұрғындар мұнда заңгерлік және психологиялық көмек ала алады.

«Жанұя» орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Орталық алаңында «Кәсіпкер ана» қалалық аналарына өз бизнесін дамытуға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетіп, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен бірге орталық базасында Нұр-Сұлтан әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Ал аудан әкімдерінің, басқарма және басқа ұйымдар басшыларының азаматтарды қабылдауы кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мекемеде кедергісіз орта жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар. Арнайы ойын алаңы ашылған. Онда орталық қызметкерлері балаларға қарайды.