Тоқаевтың сынынан кейін Сапарбаев Досаевты қызметінен алып тастады

2021 жылы 30 шілдеде Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Тоқаевтың сынынан кейін Сапарбаев Досаевты қызметінен алып тастады
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды деп хабарлайды Paryz.kz, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Еске сала кетейік, Қ.Досаев 2019 жылы 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын. 2021 жылы 30 шілдеде Қ.Досаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Ал 2021 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды.