Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер де сайлауға қатысады екен

Олардың барлығы көп жылдан бері округ басқарып келе жатыр.

Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер де сайлауға қатысады екен
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында қазір қызметте отырған бес ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан алдағы сайлауға қатысуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Сонша жыл еңбектенгеннен кейін сайлауға қатысуға мүмкіндік бермеу дұрыс болмайтын еді. Сондықтан осы жолы біз оларға, яғни Екібастұз ауылдық аймағындағы бес әкімге сайлауға түсуге мүміндік бердік. Қазір бұл әкімдер Nur Otan саяси партиясы атынан ұсынылды, - деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде Екібастұз қаласындағы аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сансызбай Төлеубаев.

Журналистер тарапынан "бұған қалайша рұқсат берілгені, себебі қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес мемлекеттік қызметке нұқсат келтірген әрекеті үшін соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған азамат мемлекеттік қызметке тағайындалмауы керек" екені туралы сұраққа жауап берген спикер мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке сілтеме жасады.

Мемлекеттік қызмет агенттігі осы жағдайды қарап, заңға үңіліп, оларға сәйкес құжаттарымен сайлауға қатысуға мүмкіндік берді, - деді ол.

Осы жылдың мамыр-маусымында бес ауыл әкімі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Олардың барлығы көп жылдан бері округ басқарып келе жатыр.

Агенттік бұған дейін хабарлағандай, Павлодар облысында 44 ауылдық округте ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға қатысатын кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Аманжолаваның айтуынша, 168 адам әкімдікке үміткер болып отыр. Оның ішінде саяси партиядан 59 адам ұсынылды. Атап өтсек, Nur Otan - 35, "Ауыл" - 4, "Ақ жол" - 8, "Адал" - 3, Қазақстанның халық партиясы - 7, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 2. Өзін-өзі ұсынғандар саны 109 кандидатты құрап отыр. Бұл - сайлауға қатысушылардың жалпы санының 65%-і. 168 кандидаттың ішінде 118 әйел мен 50 ер адам бар.

Ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға түсетін 126 адам бүгінгі күнге дейін заңнама талаптарына сәйкестік бойынша тексеруден өтті.