Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелесе кеткен (ВИДЕО)

Жол апаты 5 шілдеде шамамен сағат 17.00-де болған.

Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелесе кеткен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желіде Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілердің дауласқан сәті түсірілген видео тарады деп хабарлайды Paryz.kz.

Кадрлардан бірнеше ер адам апаттан кейін сөзге келіп қалғанын көруг болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр. 

"Алматы-Арасан шатқалындағы жол апаты. Mersedes жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған екі көлікті қағып кетті. Футболкасын шешіп тастаған ер адам бәріне оқталып жүрді", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы Полиция департаменті өкілдері жол апаты 5 шілдеде шамамен сағат 17.00-де болғанын айтты

"А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұза отырып, мас күйде Mercedes маркалы көлігін басқарып, Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Mercedes автокөлігімен соқтығысты, одан әрі BMW маркалы көлігін соқты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобиль де зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске алды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.