Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.
Бүгін президент Тоқаев "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ – әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды, - деп жазды Уәли.
Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.
Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.