Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі

Айдос Үкібай твиттердегі жазбасында кездесу ертең, яғни 30 маусым күні өтетінін жазды.

Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі
фото: sputnik

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу қаласында кездеседі деп хабарлайды Paryz.kz

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі жазбасында кездесу ертең, яғни 30 маусым күні өтетінін жазды.

30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөз барысында ЕАЭО – ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда, – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.