Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Әкім болғысы келетіндер қандай құжаттар тапсырады?

Құжат 2021 жылы 23 маусымда күшіне енді.

Әкім болғысы келетіндер қандай құжаттар тапсырады?
фото: ашық дереккөз

Аумақтық сайлау комиссиялары кем дегенде 40 күн бұрын сайлау өткізілетін күнді тағайындайды және оны қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдеріне кандидаттар аудандық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сай тексеру үшін ұсынатын құжаттар тізімі :

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- кандидаттың еңбек өтілінің тізімі (бекітілген үлгі бойынша);
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.

Тізім Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығымен және ОСК қаулысымен бекітілген.

Құжат 2021 жылы 23 маусымда күшіне енді.