Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"4,7 млрд теңге": ауыл әкімдерін сайлауға осынша қаражат бөлінетін болды

Сабила Мұстафина айтқандай, заңға сәйкес мемлекет барлық кандидатқа бірдей қаражат беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ БАҚ-та шығуға әрбір кандидатқа бірдей қаражат бөледі.

"4,7 млрд теңге": ауыл әкімдерін сайлауға осынша қаражат бөлінетін болды
фото: newsroom.kz

Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

24 мамырда Президент «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Онда ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің шығындары қарастырылған. Бюджет туралы заңда ОСК-ның ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуіне осы жылдың соңына дейін 4,7 млрд теңге қарастырылған, - деді ол.

Мұстафина шығындардың сметасы негізгі шығындарға негізделгенін айтты.

Оған сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы кіреді. Ол шығынның 80 пайызын құрайды. Оған БАҚ-қа жариялау мен полиграфиялық материалдар, көлікті жалдау, жұмыс сапарлары, жеке қорғаныш бұйымдары бар. Учаскелік сайлау комиссияларының электоральді уақыты 1 айға созылады. Аумақтың сайлау комиссиялары бұл шығындарды Ұлттық экономика министрлігімен келісті, - деді ол.

Сабила Мұстафина айтқандай, заңға сәйкес мемлекет барлық кандидатқа бірдей қаражат беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ БАҚ-та шығуға әрбір кандидатқа бірдей қаражат бөледі.