Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Назарбаева Маминге сауал жолдап, еліміз интернетпен 98,7% қамтылғанына сенбейтінін білдірді

Ол 2025 жылға қарай 100% көрсеткішке қол жеткізе отырып, 2021 жылы ауыл мектептерінің 80% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілгенін еске салды.

Назарбаева Маминге сауал жолдап, еліміз интернетпен 98,7% қамтылғанына сенбейтінін білдірді
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бұл жолы цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселесі бойынша жүгінудемін. 2020 жылдың нәтижелері бойынша мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7 пайыз интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етті. Бұл сандардың дұрыстығына сарапшылар да, халық та күмән келтіреді. 510 ауылдық елді мекенде Интернеттің төмен жылдамдығы байқалады, - дейді Дариға Назарбаева.

Ол Nur Otan партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының 36 тарауының шеңберінде қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасындағы алшақтығын азайту үшін 2025 жылға қарай 100% көрсеткішке қол жеткізе отырып, 2021 жылы ауыл мектептерінің 80% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілгенін еске салды.

Интернеттің төмен жылдамдығының себебі ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қосылуларды пайдалану қажеттігін айтты, - дейді депутат. 

Ол осыған байланысты Үкімет басшысына мынандай сауал жолдады:

1) Ауылдық елді мекендерде интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етудің нақты технологиясын қолдану туралы шешім қалай қабылданады және осы технологиялардың айырмашылығы неде?

2) Байланыс операторлары ауылдық елді мекендердегі «соңғы миля» мәселесін қалай шешеді және шешудің қандай тәсілі неғұрлым тиімді болып табылады? Қазіргі заманғы технологиялар енгізіледі ме және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органы «соңғы миляны» қосудың қандай да бір түрінің мақсаттылығын айқындауға қатысады ма?

3) Ауылдық елді мекендерде Интернетке қосылу сапасын тұрақты негізде өлшеу жүргізіле ме және бұл мәселе Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік органының құзыретінде тұр?