Тоқаев шенеуніктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Сондай-ақ 23 маусымда Қазақстанның полицейлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Тоқаев шенеуніктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
фото: ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Paryz.kz

"Бүгін мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

23 маусым – әлемнің барлық мемлекеттік қызметшісі үшін бірыңғай кәсіби мереке. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялап, ұйымға мүше әр мемлекетті осы күнді мереке етіп белгілеуге шақырды. 2013 жылы  Қазақстан президентінің жарлығымен 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Қазақстанда 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар.  

Сондай-ақ 23 маусымда Қазақстанның полицейлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.