Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Сарапшы елімізге "қазақ көктемі" келе жатқанын жеткізді

Марат Шибұтов демографиялық дүмпу мен қазақстандықтар санының күрт көбейгенін қауіпті құбылыс деп санайтынын айтты. 

Сарапшы елімізге "қазақ көктемі" келе жатқанын жеткізді
фото: Алексей Азаров

"Мен жастарға сенемін" дейтін Мағжандар жоқ қазір. Есесіне "біз жастардан шошып отырмыз, революция жасап, билігімізді төңкеріп тастамаса екен" дейтін сарапшылар шығыпты деп жазады zhasalash.kz. 

Қазақстандағы жыл сайынғы бала туу көрсеткіштеріне сәйкес, биыл шамамен 250 мың қазақстандық 18-ге толады екен. Болжамға сәйкес, 2032 жылға қарай 18-ге толғандар саны 400 мың адамға жетеді, ал 2038 жылы ондайлардың саны тіпті 450 мыңнан аспақ.

Құдайға шүкір дейік.

Алайда сарапшы Марат Шибұтов демографиялық дүмпу мен қазақстандықтар санының күрт көбейгенін қауіпті құбылыс деп санайтынын жеткізді:

"Қазақстанда жылына 25 мыңдай жұмыс орны құрылып-ашылып жатады. Оның өзіне сенім жоқ, өйткені бұл үкімет есептерінде айтылатын деректер. Тағы 70-80 мың жұмыс орны жыл сайын зейнет демалысына кететіндер есебінен пайда болады делік. Бірақ жұмыс орнын жаппай қысқартып жатқан цифрландыруды да естен шығармайық. Келесі жылдан бастап Қазақстанның еңбек нарығына жаңадан келетін жастар күрт көбейеді. Олардың көптігі сонша – ЖОО-лар мен колледждер бәрін қабылдай алмайды, олардың бәріне еңбек нарығында орын табылмайды. Сосын, олар да қарап тұрмай, үйленіп, отбасын құрып, бала туады. Баяғы баспана мен әлеуметтік инфрақұрылым мәселесі елде ендігі жолды еселеп ушықтырады. Айтпақшы, араб елдерінде болған революциялар тізбегіне ұласқан «араб көктеміне» түрткі болған басты фактор халық санының артуы мен жастардың күрт көбейгені еді. Жағдай солай. Билікке ойлану керек", – деп уайымдайды Марат Шибұтов.