"Ол кісіге өкпем бар": Саясаттанушы Тасмағамбетовтың ең үлкен қателігін айтты (ВИДЕО)

"Біз ол кісіні қолдайтын едік..."

Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов туралы пікірін білдірді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Paryz.kz

"Елбасының ең үлкен қателігі - 2005 жылдан бастап сайлауға түспеуі керек еді. Ол өзінің миссиясын 2005-ке дейін орындап бітті. Миссиясын сонымен аяқтау керек еді. 30 жыл бір адам ел басқарса, даму этаптары тоқтап қалады. Тасмағамбетовтың ең үлкен қателігі - көніп, сеніп жүре бергені. Ол кісінің потенциалы мықты. Халық оған сенеді. Біз ол кісіні қолдайтын едік. Ол кісіге өкпем бар. Неге ол 2015 жылы неге сайлауға қатыспады. Қазір мүмкіндік жоқ. Ол өз уақытын өткізіп алды. Ол кісі қазір пенсияда. Ол кісіге халық жай ғана мен сияқты симпатиясын білдірсе, сонымен бітті", - дейді Санжар Боқаев.