Тоқаев туралы деректі фильм көрсетіледі (ВИДЕО)

Бірінші бөлім Мемлекет басшысының өмірбаянындағы қызықты фактілерге арналған...

"Хабар" Агенттігі Тоқаев туралы "Преодоление" атты екі бөлімнен тұратын деректі фильм түсіріп тастапты, енді оны эфирден ұсынайын деп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Фильмде тәуелсіз Қазақстанның екінші Президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады және оның саяси жолы көрсетіледі.

Бірінші бөлім Мемлекет басшысының өмірбаянындағы қызықты фактілерге арналған. Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі мен беделі туралы біле алады.

"Преодоление" деректі фильмінің бірінші бөлімін 11 маусым күні, яғни бүгін 21:30-да, екінші бөлімін 12 маусым күні сағат 22.00-де "Хабар" телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Ал 13 маусым - жексенбі күні сағат 22.00 мен 22.40-та екі бөлімнің де қайталауын көруге мүмкіндік ала аласыздар.