Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Президент ұлттық компанияларды сатып алу туралы заңға қол қойды

Сонымен қатар тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау жөніндегі нормалар енгізілді.

Президент ұлттық компанияларды сатып алу туралы заңға қол қойды
фото: sputnik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл құжат "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның және басқа да ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алуларын реттейді. Заңда сатып алуды жүзеге асырудың қағидаттары, тәсілдері, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуға қатысуына байланысты шектеулер және әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары белгіленген.

Одан бөлек, құжатта сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі енгізіледі, сонымен бірге оны қалыптастыру, жүргізу тәртібі және оған енгізу және одан шығару үшін негіздер айқындалған. Сонымен қатар тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау жөніндегі нормалар енгізілді.

Бұдан басқа, Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл құжат кейбір заңнамалық актілерді қабылданған "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заңға сәйкестендіруді көздейді.