Осы жарлықпен Германия, Словения және Беларусь өнер және мәдениет қайраткерлері де "Достық" орденімен марапатталды.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Ақпарат Ресейдің құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.
"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин «Достық» орденімен марапатталсын", – делінген құжатта.
Осы жарлықпен Германия, Словения және Беларусь өнер және мәдениет қайраткерлері де "Достық" орденімен марапатталды.