Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетсін! - заңгер

Сондай-ақ ол егер жол ақылы болса, сол жолмен келетін азық түліктің қымбаттайтынын соқыр Үкімет біле ме екен деген сауал тастады. 

Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетсін! - заңгер
фото: ашық дереккөз

Асқар Мамин басқаратын Үкіметті сынаған заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек оның отставкаға кетуін талап етті деп хабарлады paryz.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасап.  

"Халықтан тек “ақша істеуді” білетін Үкімет отставкіге кетсін! Мамин басқарған Үкімет халықты аздырып бітті! Халықтың жағдайын жасаудың орнына, енді шұрық тесік жолдарды ақылы қылғаны шектен шығу!

Пандемия уақында онсызда көп кәсіп тоқтап, халық шиқылдап азық түлігін әрең алып отырғанын бұл үкімет көрмей отыр ма?" - деп ашынды заңгер. 

Сондай-ақ ол егер жол ақылы болса, сол жолмен келетін азық түліктің қымбаттайтынын соқыр Үкімет біле ме екен деген сауал тастады. 

"Жай ғана бір келі картоптың бағасы 350 теңгеге бір-ақ шықты. Пісте майға 500 теңге бір-ақ қосылды. Халық “азық -түлік қымбаттады “,деп шулап жатыр. Осының бәрін естімей отыр ма бұл керең Үкімет?

Пандемия өршіп тұрғанда дәрі таппай қырылған халықты, енді азық-түлікті қымбаттатып қырайын дедіңдер ме?

Халықтан тек ақша жасауды білесіңдер, халықтың жағдайын жасауды қашан үйренесіңдер?

Жолды ақылы қылмас бұрын, шұрық тесік жолдарыңды жамап алыңдар!

Құрақ көрпе сияқты жамау-жамау жолдарыңды тегістеп төсеп алыңдар!

Ұзын сөздің қысқасы, Мамин бастаған Үкімет, тараңдаршы халықты қанай бермей!" деп жазды Айгүл Орынбек.