Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық дөңгелек үстел отырысында өндіруші салалар мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлады Paryz.kz.
"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді", - деп жазды Берік Уәли.
Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.