Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы әкімі лауазымындағы барлық шешімдер мемлекет пен қоғам мүддесі тұрғысынан қабылданды – Байбектің өкілі

19 мамыр Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің азаматтық белсенділер Ж.Мамай мен И.Иманбайға қатысты берген талап арызына байланысты соттық дайындық отырысы өтті.

Алматы әкімі лауазымындағы барлық шешімдер мемлекет пен қоғам мүддесі тұрғысынан қабылданды – Байбектің өкілі
Фото: Facebook желісінен

19 мамыр Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің азаматтық белсенділер Ж.Мамай мен И.Иманбайға қатысты берген талап арызына байланысты соттық дайындық отырысы өтті. Бұл туралы Байбектің ресми өкілі Айжан Тәшенова Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Адвокат А.Тәшенова өз жазбасында Байбектің ресми өкілі болған күннен бастап қолына Ж.Мамай мен И.Иманбайдың айыптауларын жоққа шығаратын құжаттардың толық пакетін алғанын, оның ішінде  әкімдіктің қаулылары, келісімшарттар мен басқа да құжаттар бар екенін айта отырып, онымен қоймай ашық қолжетімді ақпараттарға да экспресс-талдау жүргізгенін мәлімдеген.

«Нәтижесінде мен талап арызды ашық дереккөздерден алынған,талапкер талабының дұрыстығын мүлтіксіз растайтын фактілермен толықтырдым. Яғни мен деректерге жасаған қарапайым фактчекингтің өзі оппоненттердің жалған тұжырымдарын толықтай жоққа шығарады және Б.Байбек қызмет еткен кезеңдегі әкімдік шешімдері тек мемлекет пен қоғам мүддесі тұрғысынан қабылданғанын растайды деп сенімді түрде мәлімдей аламын» - дейді Тәшенова.

Заңгер соттың ісіне дайындық отырысының қорытындысы туралы да жаза кетіпті. Оның жазбасына сәйкес отырыста судья істі дайындау кезінде тоқтата тұрып, кешенді тәуелсіз сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым шығарған.

Естеріңізде болса биылғы сәуір айының басында Жанболат Мамай мен оның жұбайы Инга Иманбаева YouTube каналында және әлеуметтік желілерде таратқан видеолары арқылы Байбекке қатысты түрлі айыптаулар жариялаған болатын. Байбек өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығара отырып сұхбат жариялап, өзінің ар-намысын қорғау үшін Мамайды сотқа беретінін айтқан.