Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті

Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілді.

Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4 500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді. Оны тапсыру рәсіміне Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев және Қырғызстанның Ауыл, су және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашев қатысты.

Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілді.

Министрдің орынбасары А.Мукашев қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегіні жоғары бағалайтынын  бауырлас қазақ халқына терең ризашылық білдіретінін және атап өтті. 

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасымен дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан халқының атынан бауырлас қырғыз халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны белгілі. Берілетін гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 10 мың тонна ұнды құрайды.

Айта кету керек, COVID-19 пандемиясы басталғалы бері Қазақстан қырғыз тарапының өтініші негізінде Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді.  Атап айтқанда, 2020 жылдың мамыр айында көрші елге 5 мың тонна қазақстандық ұн тегін берілді. Ал сол жылғы қарашада Қазақстан үкіметі Қырғызстанға елімізде шығарылған 400 портативті өкпе желдету аппараты мен 2 млн медициналық бетперде жіберді.