Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды
Фото: дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына Paryz.kz сілтеме жасап хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында президент шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынатынын мәлімдеген еді.

"Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет", - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.