Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс: басшылар мәлімдемеге келді

Ховар агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бастамасымен құрылған комиссия 29 сәуір күнгі қақтығыстың себебі мен салдарын талқылады, қарулы жанжалды тоқтату туралы ортақ келісімге келді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс: басшылар мәлімдемеге келді
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы жанжалды реттеу бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат қырғызстандық Кабар және тәжікстандық Ховар агенттіктеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бастамасымен құрылған комиссия 29 сәуір күнгі қақтығыстың себебі мен салдарын талқылады», - делінген Кабар агенттігі таратқан бірлескен мәлімдемеде.

Ховар агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бастамасымен құрылған комиссия 29 сәуір күнгі қақтығыстың себебі мен салдарын талқылады, қарулы жанжалды тоқтату туралы ортақ келісімге келді.

Атап айтқанда, жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орнына жеткізу, шиеленістің күшеюін болдырмау үшін шаралар қолдану, екі дос халық пен мемлекеттің мүддесіне сай жемісті келісу процесі үшін көзделген шараларды толық жүзеге асыру мен тиісті тұрақты жағдай тудыру мақсатында екі ел билігінің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік қызметкерлері қатарынан ортақ жұмыс тобын құру талқыланды.

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті.

Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті. Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемеме жасады.