Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші кезеңін салдырды

Ол сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайтынын жеткізді.

Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші кезеңін салдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлады Paryz.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр», - деп жазды Берік Уәли.

Ол сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайтынын жеткізді.

«Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», - деді Б. Уәли.