Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ауылдардағы екпе жұмыстарының барысымен танысты. Министр алдымен Алматы облысының Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрды, деп мәлімдеді Астана телеарнасына сілтеме жасаған Paryz.kz.
Онда 8,5 мыңнан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұндағы халықтың жартысынан астамы екпе алуды жоспарлап қойған. Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді. Амбулатория қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді бригада, азаматтарға қоңырау шалып, вакцинация және қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
"Қазір бізде вакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеше ғана 70 мыңға жуық адам егілді, жалпы жарты миллионнан астам азамат вакцинацияланды. Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және жоғары тиімділік байқалады. Сондықтан біз үшін азаматтардың екпеге қол жеткізуі өте маңызды, халық үшін тегін екенін айта кетейік", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.