Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Навальный: "Өзім отырған колонияны Құран үшін сотқа беремін деп кім ойлаған?!"

Алексей Навальный бүгін 13-күн қатарынан ашығып жатқанын еске салды. 

Навальный: "Өзім отырған колонияны Құран үшін сотқа беремін деп кім ойлаған?!"
Фото: ашық дереккөз

Колонияда жатқан ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный түрме басшысын өзінің Құран кітабын камераға кіргізуге рұқсат бермегені үшін сотқа берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда колонияда аштық жариялаған Навальный желідегі парақшасында түрмеге кітап кіргізбей жатқан түрме басшысын сотқа бергенін мәлімдеді.

"Өзім отырған колонияны Құран үшін сотқа беремін деп кім ойлаған. Иә, иә. Маған дәрігер жібермей қойғаны үшін (менің аштық жариялауыма байланысты) емес, мұндағы жағдайдың көңіл көншітпейтіні үшін емес, мұсылмандардың Қасиетті кітабы үшін.

Бар мәселе - маған өз Құран кітабымды бермеуінде. Жүйкемді тоздырды. Мені о баста осында алып келгенде өзімді темір торда отырып дамыту үшін арнайы тізім жасап едім. Оның ішіндегі бір пункт - Құранды және Пайғамбардың сүннетін оқып, зерттеу. 

Айналамызда барлығы ислам мен мұсылмандық жайын толассыз талқылап жатады ғой, әрине, олардың 99 пайызы ол туралы ештеңе түсінбейді. Ал мен ресейлік мұсылман емес саясаткерлердің арасында Құран бойынша чемпион болуды шештім. Мен оны бұрын да оқығанмын. Бірақ ештеңе түсінбей үстірт оқыдым. Маған ол жеткіліксіз.

Айтпақшы, мен христиан адам ретінде даму жолымда Құранды оқу керектігін түсіндім.

Мен тіпті оны жаттап алам деп ойладым. Алайда ол мүмкін емес мен үшін, екіншіден, оны жаттап алуымда еш мән болмайды. Қасиетті кітапты тек араб тілінде толыққанды зерделеу, үйрену керек. Ал мұнда мен оны қалай үйренемін? Жалғыз жолы - Құранның 2-3 кітабын әртүрлі ғалымдардың тәпсірімен сатып алып, мұқият оқу. 

Бірақ! Менің "достықты дәріптейтін" концлагерімде кітапты жек көреді!

Мен бір ай бұрын осында өзіммен бірге біраз кітап алып келгенмін. Тағы бірталайына тапсырыс бергем. Бірақ әлі күнге менің қолыма біреуін берген жоқ. Өйткені оның бәрін "экстремизмге" тексереді.

Құранды да экстремизмге тексересіздер ме? Бұл миға сыймайтын заңға қайшы нәрсе ғой!

Міне бүгін мен колония бастығын сотқа беріп отырмын. Енді қанша төзуге болады, өз Құран кітабымды оқуға тыйым салына ма?", - делінген Навальныйдың жазбасында.

Алексей Навальный бүгін 13-күн қатарынан ашығып жатқанын еске салды.