Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым" - Аида Балаева (ВИДЕО)

Ақпарат министрінің атап өтуінше, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек.

"Ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым" - Аида Балаева (ВИДЕО)

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл жайында ол «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Денсаулығыма ешқандай әсерін тигізген жоқ. Инені салған кезде ауыратыны бар, сәл ауырсыну болды. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдым. 2-3 күн денсаулығымды күтіп, суыққа шықпай, маска киіп жүру сынды сақтық шараларын орындайтын боламын. Енді 21 күннен кейін екінші компонентін аламын», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Спутник V» вакцинасын алғанын атап өтті.

«Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым», - деді Аида Балаева.

Ақпарат министрінің атап өтуінше, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек. Өйткені, бұл оның ғана денсаулығының емес бүкіл қоғамның қауіпсіздігі.

«Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы. Вакцина салдырғаннан кейін де қауіпсіздік іс-шараларын ешкім де өзгертіп жібермегені түсінікті. Қалыпты өмірге оралуымыз, балаларымызды мектепке жібере алуымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасылық, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізуіміз үшін ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы өте маңызды»,- деді ол.