Енді орамалдағы келіншектер бағанда еркін қозғалып, билей алады (ВИДЕО)

Би орталығына қатысуға ниеттілер санаулы сағат ішінде топтарды толтырып тастады.

Биші Лейсан Дәулетова Қазан қаласында мұсылмандарға арналған бағанның көмегімен билейтін орталық ашты, деп мәлімдеді "Татарстан 24" телеарнасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Би орталығына қатысуға ниеттілер санаулы сағат ішінде топтарды толтырып тастады. Орталық мешіттің жанында орналасқан. Мектептің ерекше ережесі бекітілген: сабақ барысында видео мен фотоға түсіруге және жариялауға рұқсат берілмейді. Орамалды әйелдер үшін барлық сабақ перделердің артында өтеді, ер адамдарға кіруге мүлде болмайды.

Дәулетованың сөзінше, би орталығына кез келген адам қатыса алады, тек хиджабтағы келіншектерге басымдық беріледі.

"Біз спортпен біреуге жағыну үшін емес, денсаулығымызды нығайту үшін айналысамыз. Кейбір келіншектерге ашықтық жетіспей жатады, оның стриптизге ешқандай қатысы жоқ. Бұл атаудың - өзі арсыз ұғым. Біз стриптизді үйретпейміз. Орталықта үйрететін бидің атауы - pole exot, бағанда еркін қозғалу", - деп атап өтті Лейсон Дәулетова.