Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

30 жастағы келіншек үш аптада екі рет жүкті болып қалды

Мамандар мұны өте сирек кездесетін суперфетация құбылысы деп атайды екен.

30 жастағы келіншек үш аптада екі рет жүкті болып қалды
Дереккөз: lenta.ru

Англиялық Бедфордшир графствосының тұрғыны 30 жастағы Габриелла Кристмас үш аптада екі рет жүкті болып, егіз сәбилерді дүниеге келді, деп жазады lenta.ru-ға сілтеме жасаған Paryz.kz.

Жүктіліктің бесінші аптасында УЗИ-ге түскен уақытта Габриелла Кристмастан дәрігерлер тағы бір ұрықты байқайды. Кейін жетінші аптада оның бірінші жүктіліктен кейінгі үшінші аптада "пайда болған" екінші ұрық екені анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша әйел адамда екі реттік жүктілік болған. Мамандар мұны өте сирек кездесетін суперфетация құбылысы деп атайды екен. Ғалымдар ондай жүктілік әйелдердің бар-жоғы 0,3 пайызында кездеседі дейді.

Сәбилер 2018 жылдың шілде айында кесір тілігімен дүниеге келген. Егіздердің үлкені Эдуардо 2,8 келі болса, кішісі Эзра, — 1,98 келі салмақта болған.

Бүгінде егіздер дін аман дейді дәрігерлер.