Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Жер шетелдіктерге сатылмайды": Мәжіліс заңды мақұлдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин аталған заң жобасының Қазақстан халқына қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып өтті.

"Жер шетелдіктерге сатылмайды": Мәжіліс заңды мақұлдады
Дереккөз: aikyn.kz

Қазақстанда жерді шетелдіктерге енді сатуға, жалға беруге тыйым салынады. Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс мақұлдады, деп хабарлады Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин аталған заң жобасының Қазақстан халқына қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып өтті.

"Бүгінгі мақұлданып отырған Жер қатыныстары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген осы құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады",-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәжілісте тиісті заң жобасын таныстырған болатын.