Мұндай өзгеріс биылғы жылдың наурыз айының 1-інен бастап жергілікті мәслихат шешімімен енген.
Бозжыра аумағына көлікпен кіру енді ақылы болмақ. Мұндай өзгеріс биылғы жылдың наурыз айының 1-інен бастап жергілікті мәслихат шешімімен енген деп хабарлады paryz.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше бүгінде бұл өзгеріс жайлы ел тұрғындарының көпшілігі хабарсыз екен.
"Тұзбайыр, Жабайұшқан, Қызылсай, Тасорпа және басқа да туристік маршруттарға айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын, яғни 291 теңге төлеу керек. Төлемді кез келген банк қосымша арқылы төлеуге болады. Әзірге келушілердің көпшілігі бұдан хабарсыз. Біз оларға тек ескерту жасап жатырмыз",-деді "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инженері Наурыз Әнесов.