Қазақстандық кәсіпкер Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желілегі парақшасында жазды.

 

Қазақстандық кәсіпкер Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді
сурет mixnews.lv сайтынан алынды

«Бүгiннен бастап Михаил Саакашвилидің серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Оған көмектесе жүріп, Украинаның келешегi мен абыройы үшін қызмет етемін! Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн», - деп жазды Сейсембай.

Бұл серіктестік туралы Михаил Саакашвили де жазып, қазақстандық кәсіпкерді өз аудиториясына таныстырды.  

«Марғұлан өмір бойы тыным таппай еңбек етті. Соның арқасында үлкен табысқа жетті. Өз елінде ғана емес, шетелде де инвестициялық бизнестің аңызына айналды. Марғұлан Сейсембайдың бүгіннен бастап Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінің қызметі жөнінде ресми әріптесім болатынын қуана хабарлаймын», - деп Грузияның экс-президенті Саакашвили.  

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкер реформалар мен заң жобаларының тиімділігін көтеру мәселесіне жауап береді. Сондай-ақ, кеңсенің халықаралық қызметімен айналысады.