Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кешке "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазды paryz.kz.
"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады" деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына.