Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ресми жалақысы қанша?": желіде Сағынтаевтың қымбат киімі талқыға түсті

Аталған спорттық костюм сайтта жеңілдікпен 1 098 288 теңгеге сатылса, ал негізгі бағасы 2 745 721 теңгені құрайды...

"Ресми жалақысы қанша?": желіде Сағынтаевтың қымбат киімі талқыға түсті
Фото: дереккөз

Желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қымбат тұратын киімі талқыға түсті, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы әкімінің қала аудандарының инфрақұрылымдық жағдайын тексеру барысы әлеуметтік желіде талқыға салынды. Нақтырақ айтқанда, қала басшысының жұмыс сапары емес, оның үстіндегі бағасы 1 млн теңге тұратын элиталық брендке ұқсас спорттық костюм көзге түсті.

"Сағынтаевтың үстіндегі киім италяндық Brunello Cucinelli брендіне тиесілі спорттық костюмге өте ұқсас. Аталған спорттық костюм сайтта жеңілдікпен 1 098 288 теңгеге сатылса, ал негізгі бағасы 2 745 721 теңгені құрайды. Қала әкімі бұған дейін де брендке ұқсас киімдермен көзге түскен болатын. Атап айтқанда, Сағынтаевтың Bogner неміс брендіне ұқсас күрте (куртка) киген суреті жарияланды. Оның бағасы 93 900 рубль, ал теңгеге шаққанда 521 185 теңге тұрады. Былай қарағанда, Алматы әкімінің мұндай бағалы киімдер алуға қауқары жетеді. 2019 жылы Бақытжан Сағынтаев 950 мыңға жуық жалақы алатынын мәлімдеген болатын. Әлеуметтік төлемдер мен салықты шегергенде, әкім қолға шамамен 750-760 мың теңге жалақы алады. Сондықтан да қала әкімінің ақша жинап, бренд киімдер алу мүмкіндігі бар", - деп хабарлады 31 арна. 

Сол сияқты, 31 арнаның сюжетінде қала әкімдігінің күрте бағасына қатысты түсініктеме беруден бас тартқаны айтылады. Ал әкімнің қымбат спорттық костюмі туралы: 

"Алматы әкімі Сағынтаевтың ресми жалақысы қанша? Қанша болса да миллиондаған теңгеге бір жемпір алатындай емесі анық. Яғни, жемқорлық фактісін іздеп, дәлелдеп әуре болмай, қираған көшелерді аралап жүрген әкімнің киіміне зер салсақ болғаны", - деп жазды журналист Инга Иманбай, өзінің Facebook желісіндегі парақшасына.