Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

"Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті, үй қамауына алу да негізсіз", - дейді адвокат.

Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды
фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Судья шешімінің себебі белгілі. Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті, үй қамауына алу да негізсіз", - деді Куряченко.

Айта кетейік, соңғы рет Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін 22 ақпанда ұзартты. Оның қорғаушысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Біртановқа қатысты заңсыз қудалау әрекеттерін" тергеуді сұрап, өтініш жібергенін хабарлады.

Тағы оқи отырыңыз: "Біртанов та мен сияқты саяси жүйенің құрбаны" - Жақсыбек Құлекеев (ВИДЕО)

Біртанов 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ал оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.