Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

70-ке толған Ахметжан Есімов зейнетке енді кететін болды

Алматы қаласының әкімі кезінде "Тәуелсіздік күні қалада болмаймын", "тауға тікұшақпен шығып, шаңғымен түсеміз", "әйелімнің үйінде тұрып жатырмын" деген сөздері "хит" болған.

70-ке толған Ахметжан Есімов зейнетке енді кететін болды
фото: fttc.com.ua

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов наурыздың 29-ы күні қызметінен босатылып, зейнетке шығатын болды, деп хабарлады paryz.kz, КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Ахметжан Есімовтің орнына келетін жаңа төраға елге сол 29 наурызда таныстырылмақ.

"29 наурызда Есімовті зейнетке шығарып салу шарасы өтеді. Оған мемлекет басшылығы алғыс айтады. Есімов демалысқа кетуді бұрыннан сұрап жүрген. Бірақ басшылық коронавирус мәселесін шешу кезінде жұмыс істей тұруын сұраған. Осы жиын барысында қордың жаңа төрағасы таныстырылады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін наурыздың 20-ында әлеуметтік желіде Ахметжан Есімовтің қызметінен босатылғаны жөніндегі қаулы көшірмесі жарияланған еді. Онда Есімовтің "уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметтен босатылғаны", оның орнына "Алмасадам Сәтқалиев төраға қызметін атқаратыны" айтылған. Бұл реттегі Алмасадам Сәтқалиев 2018 жылы "Самұрық-Қазына" ұлттыө әл-ауқат қоры Активтерді басқару және жекешелендіру басқармасының директоры болып тағайындалған. Ал оған дейін "KEGOC" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Еске сала кетсек, Ахметжан Есімов 2020 жылдың 15 желтоқсанында 70 жасқа толған-ды. Ол - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі. Алматы қаласының әкімі кезінде "Тәуелсіздік күні қалада болмаймын", "тауға тікұшақпен шығып, шаңғымен түсеміз", "әйелімнің үйінде тұрып жатырмын" деген сөздері "хит" болған.