Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұлыбританияда Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты тергеудің нәтижесі жарияланды

Ол қолында Қазақстан газын сатудың құпия жолдарын дәлелдейтін айғақтар барын мәлімдеп, анасының "дуалаумен" айналысатынын да айтқан-ды.

Ұлыбританияда Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты тергеудің нәтижесі жарияланды
фото: дереккөз

Айсұлтан Назарбаев өз ажалынан, кокаинға тәуелділіктен қайтыс болды. Өлімді зерттеген Ұлыбритания коронері 24 наурыз күні осындай мәлімдеме жасап, өлім жөніндегі күдіктерді жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Айта кетсек, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені 2020 жылы 16 тамызда Лондон парктерінің бірінде ес-түссіз табылған. 29 жастағы Айсұлтан кейінгі жылдары есірткіге тәуелділікпен күресіп келген. Өмірінің соңғы айларында ол бірнеше мәрте отбасы мүшелеріне жемқорлық жөнінде жария түрде айып таққан. Бұл оның өлімі құйтырқы ойынның салдары болуы мүмкін деген күдіктің пайда болуына әкелді.

Бірақ тергеу барысында коронер Фиона Уилкокс куәгерлердің, полиция инспекторларының және психиатрдың жауаптарымен келісті. Олар өлім ешқандай күдік тудырмайды, Айсұлтанның қайтыс болуы есірткіге байланысты деген.

Тергеу марқұмның қанында кокаин мөлшері шамадан тыс болғанын анықтады. Жалпы, Айсұлтан есірткімен әкесінің өлімінен кейін әуестене бастағанын айтқан. Нұр-Сұлтандағы ресми тұлғалар оның билік пен ықпалды туыстарын жария түрде айыптауын есірткіге тәуелділікпен байланыстырған. Ол қолында Қазақстан газын сатудың құпия жолдарын дәлелдейтін айғақтар барын мәлімдеп, анасының "дуалаумен" айналысатынын да айтқан-ды.

Айсұлтанның тірі кезде Назарбаевтар әулеті оның мәлімдемелері туралы ешқандай пікір білдірмеді.