Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Тоқаев азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеуді ескертті

"Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеуді ескертті
Дереккөз: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады paryz.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында президент баспана, вакцина және жол сапасына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Нақтырақ айтсақ, президент мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Ол Үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

"Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ вакцинация мәселесіне де тоқталып өтті. Еске сала кетсек, биыл Қазақстанда 6 миллионнан астам азаматқа коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланған.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мамин кездесу барысында цифрлық платформа құру туралы берілген тапсырманың орындалу барысын баяндады.