Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шенеуніктер қонақ үй үшін Бозжыраны ғана бүлдірмей, Алакөлді де құрғатпақ

Экологтардың айтуынша, Алакөлдің 60 гектары құрғатылатын шешім қабылданған. Бұл - 85 футбол алаңына тең көлем.

Шенеуніктер қонақ үй үшін Бозжыраны ғана бүлдірмей, Алакөлді де құрғатпақ
фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығысқазақстандық экологтар шенеуніктер Алакөлдің бір бөлігін құрғатып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдады дейді. Олар бұдан табиғат пен қоршаған орта, қала берді, жануарлар дүниесінің зардап шегетініне алаңдаулы, деп хабарлады paryz.kz.

Экологтардың айтуынша, Алакөлдің 60 гектары құрғатылатын шешім қабылданған. Бұл - 85 футбол алаңына тең көлем. «Егер бұндай шешімнің қабылданғаны рас болса, бұл Су кодексінің талаптарына қайшы келеді» деседі мамандар.

"Олар сол жерде қонақ үй саламыз деп жатыр. Бұл – жабайылық. Өйткені бұл ерекше көл. Бос жерлер көп бола тұра, оның бетін құрғату - ақымақтық. Бұл орасан шығындардан басқа ештеңе бермейді. Мұның бәрі қалай бағаланғаны және не үшін жасалып жатқандығы белгісіз", - дейді эколог Дәулет Асанов.

Тағы оқи отырыңыз: "Жындының сандырағы!": экологтар Бозжыра шатқалына қонақ үй салуға қарсы

Бозжырадағы құрылысты "қолдап" жазатын блогерлер пайда болды

Бұл ретте Экология министрлігі Алакөлдің айналасындағы жағдай туралы естіген. Сондықтан да олар жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.