Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Түркия президенті наурыз айының аяғында Қазақстанға келеді

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым.

Түркия президенті наурыз айының аяғында Қазақстанға келеді
Фото: дереккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, - деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған paryz.kz.

"Түркия Президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды", - делінген агенттік хабарламасында.

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.